top of page
I

Трансгендер адамдар туралы психологтар нені білу керек?



Психологтар түрлі клиенттермен жұмыс жасайды. Терапияның мүмкіндігінше тиімді болуы үшін көбінесе олардың кейбіреулерінің ерекшеліктері туралы көп нәрсе білу керек. Біз психолог Ляйля Бисеновамен сөйлесіп, трансгендер адамдармен қарым-қатынас кезінде нені түсіну керек, қандай зиянды стереотиптер кедергі болатындығын және осындай өтініштермен жұмыс кезінде қандай ақпарат пайдалы болатынын білуді шештік.

- Психологтар білу керек бірінші және басты нәрсе - трансгендер адамдармен психологиялық жұмыс цисгендер адамдармен (гендерлік сәйкестігі белгіленген биологиялық гендерге сәйкес келетін адамдар) жасалатын жұмыспен бірдей, олар да қарапайым адамдар. Практикалық психология ерлер мен әйелдерге арналған деп бөлінбейді. Әрине, белгілі бір айырмашылықтар бар, бірақ олар жеке бағыттарға бөлуге жеткілікті емес.

Балалар мен оның құрамындағы жасөспірімдер психологиясы бар; және ересектер психологиясы. Кәсіби мамандар адамдарды жынысы, гендері немесе ориентациясы бойынша бөлмеуі керек. Трансгендер адамдармен жұмыс жасау кезінде сіз транс тақырыптарының ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір айырмашылықтарды біліп, ескеруіңіз керек - егер сізде трансгендер адамдар туралы түсінік болмаса, терапияны өткізудің қажеті жоқ; қолда бар ақпаратты зерделеп, мүмкін болса, тәжірибесі бар мамандармен кеңесу керек.

Қарым-қатынастың белгілі бір этикасы бар: адамды өзі таныстырылған есіммен атайды және олар көрсеткен гендерде сөйлесі керек, мисгендерлік ауыр зиян келтіруі мүмкін (мисгендерлік - ағылшынша mis - «қате», ал gender-«гендер» адамға гендерлік сәйкестігіне сәйкес келмейтін сөздерді әдейі немесе абайсыздан қолданып жасалған үндеу. Мысалы, транс әйелге «жігіт» немесе транс еркекке «қыз» деп үндеу; құжаттарда жазылған және адамға ұнамайтын есіммен әдейі атау).

Сізге адам өзінің жеке өтінішімен келді, ал трансгендерлік оның барлық қиындықтары мен мәселелерін түсіндірмейді. Әр түрлі трансгендер адамдардың бірдей сұранысы мүлдем басқа жағдайларды қамтуы мүмкін.

Кейбіреулер әлі күнге дейін трансгендер адамдарды - бұл ойлау қабілеті немесе ақыл-есі бұзылған адамдар деп санайды.

- Бір кездері мұндай стереотип болған, бірақ бүгінде күнде мамандар ғана емес, қарапайым адамдар да бұл стереотиптің дұрыс емес екенін білуі керек. Трансгендерлік ауысым идеясы сандырақтың бір бөлігі болып табылатыны өте сирек кездеседі, бірақ адам басқа да мәселелерде шындықпен байланысы жоқ және психикалық аурудың белгілерін көрсетеді, ремиссия кезінде бұл идея пайда болмайды. Трансгендер адамдардың кейбіреулері шын мәнінде психикалық бұзылумен ауыруы мүмкін, бірақ ол кезде аурудың өзі гендерлік сәйкестілікпен байланысты емес. Бұл ұғымдарды байланыстыру, мысалы, барлық суретшілер шизофрениямен ауырады, себебі біреу сандырақ сезімінде сурет салады, немесе осы аурудан зардап шегетін суретшілер бар деп ойлаумен тең.

Өткен ғасырда өзінде мамандар "гомосексуалист" бейінін анықтауға тырысты, бірақ ешқандай бейін жоқ, гетеросексуалдардан өзгеше бірдеңе болса да гомосексуал адамдардың психикалық ерекшеліктерін анықтау мүмкін емес болып шықты. Сол сияқты трансгендерлік - бұл психиатрия үшін маңызды болуы мүмкін маркер емес. Трансгендерлерге "ерекше" және стигматизациялайтын қатынас болмауы тиіс.

АХЖ-10-да трансгендірлік сәйкестіктің бұзылуы болып саналды және "психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар"шеңберінде қаралды. АХЖ-11-де трансгендерность психикалық бұзылулар тізімінен алып тастады (бұл транс-адамдардың стигматизациясының азаюына себеп болуы мүмкін).

2019 жылдың 25 мамырында ДДСҰ ресми түрде трансгендерлікті психикалық бұзылыс ретінде жіктеуді тоқтатты. Осы сәттен бастап құжат "гендерлік сәйкестіктің бұзылуы" ұғымын "гендерлік сәйкессіздік" ретінде сипаттайды және термин психикалық бұзылулар туралы тараудан алынып тасталды. Қазіргі ғылымда психологиялық жағдай деп, егер ол күшті күйзеліске немесе мүмкіндіктердің шектелуіне әкеп соқтырса, бұзылу болып саналады.

Тіпті психологтар арасында да трансгендерлік бұл сән деген "пікір" бар

— Бүгінгі таңда адамдардың өздерін шын мәнінде кім екенін сезінуге және осыған сәйкес өзін көрсетуге көбірек мүмкіндіктері бар. Барлық уақытта барлық дәстүрлі мәдениеттерде трансгендер адамдар болған. Бұл тақырыпта көптеген зерттеулер бар, сондықтан транс қоғамдастықтағы адамдардың санының көбеюі "сән" үшін емес, мәселе біз олардың даусын ести бастадық, әрине, олардың тарапынан өте маңызды және батыл болып келеді. Көптеген трансгендер адамдарда қазіргі таңда интернет арқылы ақпаратқа еркін қол жеткізуге мүмкіндігі бар, олар өздерін жалғыз емес екенін түсінеді.

Біреулер өзін трансгендерлерге немесе ЛГБ-қоғамдастыққа есептеу - бұл қазіргі жастарда ең жақсы болу деп саналатынын мәлімдеген кезде, бұл адам мәселені мүлдем түсінбейтінін және қоғамда осы топтағы адамдардың қатты кемсітушілігі бар деген фактіні толығымен елемейді; өзін кемсітілетін азшылыққа есептеу – өз басына үлкен қиындықтарды қабылдау дегенді білдіреді. Бұл өте ерекше сән болар еді— жасырыну және/немесе басқа адамдар тарапынан агрессияға тап болу. Бұл яғни әдемі өмірді насихаттау емес. Трансгендер адамдарда өзіне қол жұмсауға әрекет ету ықтималдығы қалған халыққа қарағанда ондаған есе жоғары.

Трансгендерлік сексуалды ориентация сияқты біреуге ілу мүмкін емес. Мысалы, мормондар қауымының өкілдері арасында гейлер жоқ деген мәліметтер бар, бірақ сол мәліметтерге сәйкес мормондар арасында өздерін гей деп таныған жастардың 100% - ы өздеріне өзі қол жұмсайды. Бұл адамдар қауымнан кете алмайды, өйткені олардың өмірі қауымның өмірімен анықталады, бірақ қала да алмайды, оларда басқа шығу жолы қалмайды.

Трансгендер адамдардың арасында өзіне-өзі қол жұмсау немесе өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері өте көп. Медициналық араласудан өткен трансгендерде өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі АҚШ халқының арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың жалпы деңгейінен 80 есе жоғары. Басқа да мемлекеттерде, мысалы Нидерланды сияқты, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің пайызы кем емес.

Тек медициналық араласуды жоспарлап отырған трансгендерлер арасында кейбір деректер бойынша өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет ету деңгейі 19-25%. 2000-шы жылдардағы зерттеулер бойынша бұл сан әлдеқайда жоғары: сұралған трансгендерлердің ішінен адамдардың үштен бірі кем дегенде бір рет өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасаған.

Тәуекел тобында әдетте жасөспірімдер немесе жастар болады. Ересек жастағы топтардағы трансгендер психологиялық мәселелер мен қысымға неғұрлым төзімді.

Өзіне қол жұмсаудың негізгі себептері:

— депрессия

— ата-аналардың бас тартуына немесе қоғамдағы кемсітушілікке байланысты күйзеліс

— трансгендерлік мәртебеге байланысты жұмыс мәселелері

— есірткі заттарын шектен тыс пайдалану

Сондай — ақ, біздің қоғамда трансфобия кең таралған - трансгендер және бинарлы емес адамдарға деген өте дұшпандық қатынас. Трансфобия зорлық-зомбылыққа (соның ішінде сексуалдық), кемсітушілікке, жек көрушілікке және жалпы қабылданған шеңберге енбейтін адамдарға қатысты агрессивті мінез-құлыққа әкеп соғады. Транс адамдар кемсітушілікке, қылмысқа, патологиялар және стигматизацияларға тап болады. Трансфобия тарапынан болған адам өлтіру өте жиі жағдайда көңілге алынбайды және дұрыс емес анықталады — тіпті абайсыздан кісі өлтіруге дейін.

Көптеген адамдар гендерлік сәйкестік пен сексуалды ориентация арасындағы айырмашылықты түсінбейтіндіктен, трансгендер адамдар гомофобия негізінде қосымша шабуылға ұшырауы мүмкін.

Бүгінгі күнде трансгендер адамдарды өлтіруді бақылау бойынша халықаралық құқық қорғау бастамасы жұмыс істейді. Осы жоба аясында 2008-2016 жылдар аралығында бүкіл әлем бойынша трансгендер адамдардың 2343 кісі өлімі туралы ақпарат жиналды. Зерттеушілер бұл деректер толық емес екенін айтады.

Гендерлік дисфория дегеніміз не, ол барлық транс адамдарда бола ма, және бұл жағдайда қалай көмектесуге болады?

- Гендерлік дисфория - бұл туу кезінде тіркелген жыныстың гендерлік сәйкестігіне сәйкес келмеуіне байланысты трансгендер адам шалдығуы мүмкін эмоциялық-психологиялық жағдай. Күйзелістер соншалықты күшті болуы мүмкін, адамға дәрі-дәрмектік көмек қажет болуға дейін. Гендерлік дисфория кезінде негізгі көмек ретінде адамды оның шын мәнінде кім болғысы келетініне қолдау көрсету екенін түсіну маңызды. Сәйкестікті табудың бір әмбебап жолы жоқ. Кейбіреулерге белгілі бір киімге киіну, кейбіреулерге шашты қырқу немесе өсіру жеткілікті, кейбіреулерге гормоналды терапия қажет, ал кейбіреулерге хирургиялық араласуды жүргізу өте маңызды — барлық транс адамдар әр түрлі. Психологтың жұмысы өзінің жеке стереотиптері мен түсініктерін ілмеуге және көрсетпеуге тырыса отырып, трансгендер адамдарға өзін, денесімен және/немесе сәйкестігімен қарым-қатынасын зерттеуге көмектесу болып табылады. Барлық трансгендерлер мен гендерлі үйлесімді емес адамдар дисфорияны бастан кешірмейді.

"Бұл тек балалық және ол кетеді", "бұны емдеуге болады", "жақсы еркек/әйелді кездестіру қажет" стереотиптері және т. б.

- Адамға бәрін жіктеуді үйрену қажет, бұл белгілі бір заттар мен құбылыстар топтарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, бұл қоршаған ортаны қарапайым түсінуге көмектеседі және энергияны үнемдейді. Стереотиптер - бұл күрделі құбылыстың нақты белгіленген шеңберге сәйкес келмейтіндігін түсінбей жіктеу әрекетінің салдары. Әлеуметтік рөлдер жыныстардың биологиялық бөлінісі және онымен байланысты еңбек бөлінісі негізінде пайда болды. Біз объективті жыныстық айырмашылықтарды жоққа шығара алмаймыз, бірақ көптеген рөлдердің мыңжылдықтар бойы белгілі бір жолмен қалыптасқанын түсінуіміз керек, себебі бұған әлеуметтік-экономикалық себептер болды. Мысалы, кейбір халықтарда қыш шеберлік - бұл тек ерлердің қызмет түрі, әйелдер оған қабілетті емес деп саналады; басқаларында керісінше, қыш шеберлік - тек қана әйел ісі және ерлер оған ие бола алмайды. Біздің барлығымызда әйелдік және еркектік қасиеттер бар, әрдайым өзінің еркектігіне немесе әйелдігіне сенімді болу оңай емес, осыдан "нағыз" ерлер мен әйелдер туралы әңгімелер мен тренингтер көп, өйткені бізде бұл мәселеде күмән үлесі бар. Белгілі болғандай, күмәнді жою мазасыздықтың туындауына ықпал етеді, мазасыздық - агрессия және негізсіз бекітуге әкеледі.

- Гендерлік сәйкестік - бұл өзін танудың күрделі процесі, оған күштік әдістермен ықпал ету мүмкін емес, тек жеке тұлғаны ашуға көмектесуге болады. Біреу өзінің гендерлік сәйкестігін және сексуалды ориентациясын бірден және мәңгілікке түсінеді, біреу үшін бұл күрделі және кейде шатастыратын процесс. Иә, жеке адамның " шешімін өзгертеді" деген мүмкіндік бар және өзінің гендерлік сәйкестігі туралы түсінігін өзгертеді, бірақ бұған мәжбүр ету мүмкін емес, бұл өзін жақсы тану процесінде ғана болуы мүмкін. Өйткені, бұл шын мәнінде әркімнің жеке ісі, ешкім ешкімді оның кім екеніне мәжбүрлеуге құқылы емес.

Психологтарға дұрыстық пен әдептілік туралы әрдайым есте сақтау қажет

— Сыртқы түрді, мінез-құлықты сынға алу, адамның таңдаған гендерінде күмән айту - мұның бәрі маманның кәсіби емес екенін немесе клиентке қатысты оның немқұрайлы және агрессивті мінез-құлқын көрсетеді.

Көптеген адамдар ЛГБТ-қоғамдастығына байланысты адамзат жойылады деп қорқады, бірақ ориентация, гендерлік сәйкестігі мен көбею қабілеті арасында ешқандай байланыс жоқ. Адамзат 2,8 млн жылдар бойы өмір сүріп келеді; 1800 жылы бізде бір миллиард адам болды, қазір 2019 жылы бұл сан 7,7 миллиардқа дейін өсті. Сондықтан, адамзаттың жойылуы жақында емес.

Психологқа қай жастан жүгіну қажет болуы мүмкін?

— Балалар мен жасөспірімдер әдетте өз қаржысына ие емес,оларды ата-аналары немесе туысқандарының біреуі келтіреді. Бірақ психология - бұл емдеу емес екенін білу керек,біз жай ғана әңгімелесеміз.

Ал егер психотерапевт көмегі қажет болса, онда ол кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге лицензиясы болуы керек. Балалар мен жасөспірімдерді мұндай маман ата-анасының немесе заңды қамқоршысының рұқсатымен ғана қабылдай алады.

Трансгендер балалар мен жасөспірімдердің ата-аналары өздерін қалай ұстайды?

- Әдетте, егер адам маған келсе, онда ұрысуға емес өздері үшін жағдайды түсінуге келеді. Тағы да айтарлық, транс адамдардың немесе цис адамдардың ерекше ата-аналары жоқ. Өз балаларын қолдайтындар болады және мүлде ештеңе естігісі келмейтіндер болады. Бұл белгілі бір топтың мәселесі ғана емес, бұл ортақ мәселе.

Барлығымыз бір-бірімізге барынша дұрыс, мұқият және ұқыпты қарауымыз керек. Бір-бірін естіп, әр адамның бірегейлігін құрметтеуіміз керек. Өзара құрмет пен адамгершілік - бақытты адамдардың сау қоғамының ең жақсы негізі.

1 068 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Commenti


bottom of page